«АРҚАЛЫҚ ҚАЗАҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ»
0
2018 жылдың ақпан айының 14- і күні көрермен қауым замана заңғары Б.Майлиннің «Пүлішті кім сүйеді» /комедия – фарс/ қойылымын тамашалады.

2018 жылдың ақпан айының 14- і күні көрермен қауым замана заңғары Б.Майлиннің «Пүлішті кім сүйеді» /комедия – фарс/ қойылымын тамашалады.

Қойылымнан келісімге келмейтін екі таптың күресін көреміз. Майданның бір жағында іргесі сөгіліп, үміті қырқылған, күні өткен бай табының қалдығы мен оның шашбауын көтерушілері Бекболат, Мамық, Жұмағұл, Есен, Көдебайлар, екінші жағында совет өкіметі арқасында теңдікке қолы жеткен Досан, Орынбай, Зәуре сияқты кедейлер тобы. Осы топтардың арасындағы тартыс қойылымның негізгі өзегі.
Артистердің әдемі сахналық өнері (Пүліш – Д.Парызова, Досан – А.Ерғалиев, Дәрікүл – Г.Балғынбаева, Мамық – Ұ.Сейдахметова, Әліш – О.Нұрғали, Жұмағұл - Ә.Манетов, Зәуре - Ә.Әбілова, Әбді – Б.Жүнісов, Демесін –Б.Молдашев, Көдебай – О.Койбағаров, Есен – А.Алматов, Досмағамбет – Д.Кәдірханов, Бекболат – Н.Мұсафарханов) жұртшылық жүрегінен жол тауып, жоғары бағаланды. Қойылым бітісімен қалалық ардагерлер кеңесінің атынан сөз алған Қазымбек Қуаныш ағамыз бүгінгі сахналанған дүниеден үлкен әрі ұмытылмас әсер алғанын айта келе, ұлттың рухын сақтап қалатын және көтеретін, өскелең ұрпақтың тарихқа, әдебиет пен мәдениетке деген мәңгілік махаббатын қалыптастыратын қасиетті орда -  театр екендігін баса айтты. Шығармашылық ұжымға табыс тіледі.