«АРҚАЛЫҚ ҚАЗАҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ»
0
Қайырымдылық адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі

«Тұлабойың үшін денсаулық сияқты, мейірімділік те жансаулық: оның бары білінбейді, бірақ дұрыс қолдансаң, әр ісің биікке өрлейді» - дейді Л. Н.Толстой.

 

Мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі – қайырымдылық деп білетін театр ұжымы жыл сайын қайырымдылық қойылым ұсынады.  А.ж. қаңтар айының 29 жұлдызында «Сәби – Арқалық» мүгедектер қоғамдық бірлестігі қарттарға арналған күндізгі бөлім бөлімшесі және «Психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан мүгедектерге күндізгі бөлім бөлімшесінің тәрбиеленушілері С.Балғабаевтың «Ғажайыптың қазынасы немесе қазақша күрес» комедиясын тамашалады. Дүние – мүлікке бола ағайындар арасында туындайтын алауыздық пен қызғаншақтық, көреалмаушылық сияқты адам бойындағы жаман қасиеттер, махаббат тақырыбы, басты кейіпкер Ғажайыптың өмірге деген құштарлығы, мейірімділігі, адамзат атаулыға тән ең асыл қасиеттер баян етілетін қойылымнан көрермендеріміз рухани ләззат алып, артистерге шапалақтарымен ризашылықтарын білдірді.