«АРҚАЛЫҚ ҚАЗАҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ»
0
Мейірімділік – асыл қасиет

А.ж. ақпан айының 5-і күні Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында Мәуліт мерекесіне байланысты  жастар жылы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұйымдастыруымен «Иманды жас – ел болашағы» атты рухани кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында уағыз айтылып, рухани әндер айтылды. Кештің мәні мен маңызын арттыратын шарада Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтылды. Кеш соңында Харекет қайырымдылық қорының 67 баспанасы қаладағы көп балалы анаға табысталды.


Халыққа рухани байлық сыйлауды, өзгелердің бақыты үшін өмір сүруден шынайы ләззат табатын театр ұжымы бұл шарадан да  қалыс қалмай, танымдық мәні зор «Мейірімді қыз» қойылымын ұсынды. ҚР Мәдениет қайраткері, артист Нұрғали Оразбек (әке ролінде), «Қазына» сйылығының «Театр өнері» аталымының иегері, артист Ордабаева Бақыткүл (Ана ролінде), Б.Бейшеналиева атындағы мәдениет және өнер университетінің түлегі, артист Алматов Азамат (Жігіт ролінде)  және театрдың жас артисі Парызова Дана (Қыз ролінде) қойылым арқылы көрермендерге үлкен ой салды. Адамның біреуге жақсылық жасау арқылы өзіне жақсылық жасайтынын театр артистері өмірден алынған оқиға арқылы көрсетті. Қойылымды ерекше ықыласпен тамашалаған кешке жиналған жамағаттың жанарынан Ж.Баласағұнның «кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең – мейірімділік көресің» деген мағыналы ойын оқығандай болдық.