«АРҚАЛЫҚ ҚАЗАҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ»
0
Сахна керуені – Үштөбе, Фурман ауылдарында...

Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының труппасы а.ж. ақпан айының 14-і күні репертуар қоржынындағы кішкентай көрермендерді ізгілікке, мейірбандыққа тәрбиелеуде берер тағылымы мол қойылымдарының бірі – В.Орловтың «Алтын шөжек» ертегісімен Үштөбе, Фурман ауылдарына  гастрольдік іс – сапарға барып қайтты.


Байлыққа қол жеткізуді армандаған көк бөрі мен қу түлкі алтын жұмыртқаны ұрлап, алтын балапан басып шығаруды жоспарлайды.  Айлакер түлкі қулыққа басып, аңғал қасқырды жұмыртқа басуға көндіреді. Алайда жұмыртқаны жарып шыққан кішкентай балапан көк бөрінің өзіне деген әкелік сезімін оятып, оқиғаны басқа арнаға бұрады. Балаларды қызықтырған қойылымдағы түрлі – түсті киімдер, әуен, артистердің ойыны талғампаз көрермендердің көңілінен шықты. Бүлдіршіндердің отбасына, ата – анасына деген сүйіспеншіліктерінің артуына ықпал ететін қойылым арқылы жүректеріне жол таба білген артистеріміз де бұл іс – сапардан жақсы көңіл -  күймен оралды.