«АРҚАЛЫҚ ҚАЗАҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ»
0
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен 2019 жылдың 19-24 тамызы аралығында Қостанай қаласында Қазақстан ұлттық (этникалық) театрларының V республикалық фестивалі өткізілген болатын.

Аталған фестивальге  шығармашылық бағытта тәжірибе алмасу мақсатында  театр басшысының м.а. Н.Қасжанов, бас режиссердің м.а. Ә.Садықова, бас режиссер Е.Мергенов, театр артистері: ҚР Мәдениет қайраткері Р.Байкөбен, Ұ.Сейдахметовалар қатысып, қазақ, орыс, корей, ұйғыр, неміс, өзбек тілдері сияқты алты тілде ұсынылған Қазақстан ұлттық этникалық театрларының ең үздік қойылымдарын тамашалап, ерекше әсермен қайтты.