«АРҚАЛЫҚ ҚАЗАҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ»
0
Марапаттар легі толастар емес

«Ештен кеш жақсы» демекші Арқалық қазақ жасөспірімдер театры өздеріңізбен Тәуелсіздік күніне орай марапатталған қызметкерлеріміздің қуаныштарымен бөліспекші.

Өткен 2019 жыл театр қызметкерлері үшін еңбектері еленген жыл болды. Солардың бірі қолымызға кешірек тиген марапаттардың бірі, әрі қомақты марапат  - «Сахнагер – 2019» ұлттық театр сыйлығы. Бұл марапаттың иесі – жас артистеріміздің бірі Алматов Азамат Мұстафаұлы. Сондай – ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен театр артисі Қойбағаров Орынбасар Сағитұлы және Мәдениет қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ кеңесінің Құрмет грамотасымен қоюшы режиссер Садықова Алия Елубайқызы марапатталды. Марапат иелерін құттықтаймыз!