«АРҚАЛЫҚ ҚАЗАҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ»
0
Сиқырлы терезенің сыры

Көгілдір экранға телміріп өскен балалар бүгінгі заманда батырларға емес, шетелдік анимация кейіпкерлері «Бэтмен» мен «Өрмекші адамға» еліктеп өсіп келе жатқаны жасырын емес.

Жат елдік өнім жасөспірімдердің санасын улап, өз «батырларын» дәріптеп жатқаны өкінішті. Осы көкейкесті мәселенің алдын- алу мақсатында Арқалық қазақ жасөспірімдер театры Ж.Әлікеннің «Сиқырлы терезе» ертегісін сахналады. Қоюшы режиссер Е.Абжалов. Қоюшы режиссер Е.Абжалов, қоюшы суретші Е.Мергенов.

 

Баламен тілдесу, ойнау арқылы тәрбелеу жағына көбірек мән берген ұжымның ойы жүзеге асты деуге болады. Бұны балабақша тәрбиеленушілерінің қойылымға араласып кетуінен байқадық. Бүлдіршіндердің ертегіге деген қызығушылығы жоғары болады.