«Бағдаршам» ертегісі – Жарқайың ауданында

Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының ұжымы ү.ж. наурыз айының 2- сі күні Ә.Файзуллаевтың «Бағдаршам» ертегісімен Жарқайың ауданына жол тартты.

Ондағы мақсат – балаларға жол жүру ережесін үйрету. Алайда, бұнда жол жүру ережесі қатып қалған заңдылықпен емес, ертегі кейіпкерлерінің нұсқаулары арқылы үйретіледі. Бұл тәсіл балаларға тез жетеді деген сенім. Осындай сенімді арқалап барған театр ертегіні сүйсіне тамашалаған балаларды көріп марқайып қайтты. Бұл жұмысымыз Жарқайың ауданының балаларының жол жүру қауіпсіздігін сақтауға «теңізге тамған тамшыдай» болса да септігін тигізеді деген сенімдеміз.

«Арқалық қазақ жасөспірімдер театры» КМҚК

Телефон: 8 (714 30) 7 00 08
Email: teatr_49@mail.ru
г. Аркалык
Ш. Жәнібек көшесі,86