«Арқалық қазақ жасөспірімдер театры» КМҚК

2001 жылы құрылған Арқалық қазақ жасөспірімдер театры 20 жылдан астам тарихы бар қара шаңырақ. Шығармашылық құрамда  қазіргі таңда 15 әртіс қызмет атқарады. ҚР Мәдениет қайраткерлері төсбелгісінің иегерлері- Р.Байкөбен, О.Нұрғали. ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері — Н.Қасжанов, Е.Мергенов, Б.Ордабаевалар жұмыс жасайды.

Театр репертуарында  қазақ әдебиетінің классикалары, отандық, қазіргі заман әдебиетінің озық үлгілері негізінде қойылған қойылымдар, оның ішінде драма, трагедия, комедия, ертегі жанрлары қамтылған.

Атап айтсақ, М.Әуезов «Айман – Шолпан» комедиясы /реж. Ж.Есенбеков/, Ә.Тарази «Күнә» драмасы /реж.  ҚР еңбек сіңірген әртісі Т.Рақышева/ А.Дударев «Кеш» драмасы /реж. А.Қайырбекова/,  Ұлт ұстазы – А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Алаш ардақтысының қилы тағдырын арқау еткен «Не жазып ем…» поэтикалық қойылымы, Г.Хугаев «Қара шекпен» драмасы /реж. Б.Шамбетов/, А.Имановтың 150 жылдығына орай  1916 жылдары ел тәуелсіздігі үшін күресіп, жанын пида еткен, мергендігі мен ерлігі ел ішінде аңызға айналған хас батыр Кейкі Көкембайұлының өмірі арқау болған С.Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр» драмасы, С.Сматаев, Т.Теменов «Шырғалаң» драмасы, Р.Киплинг «Маугли» ертегісі және т.б.

Театр ұжымы үшін ең бірінші жетістік  ол — көрермендерге  рухани азық сыйлар қойылымдарды ұсыну. Осы мақсатта қала халқы мен қонақтарынан басқа репертуарымызды өзге өңірдің халқымен таныстыруда үнемі гастрольдік іс-сапарлар ұйымдастырылып, театрымыз облыс орталықтарына, қала, аудан, ауылдарға барып, өз өнерлерін көрсетіп жүр. Соның нәтижесінде жылдық көреремендер саны да жыл сайын өсуде.

 

 

«Арқалық қазақ жасөспірімдер театры» КМҚК

Телефон: 8 (714 30) 7 00 08
Email: teatr_49@mail.ru
г. Аркалык
Ш. Жәнібек көшесі,86