27 ақпан күні Арқалық қазақ жасөспірімдер театры Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күнімен орайластырып, Ш.Орынбай, Ғ.Арынов «Тозаңды терезе» драмасын (қоюшы режиссеры Ғ.Арынов) сахналады.

27 ақпан күні Арқалық қазақ жасөспірімдер театры Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күнімен орайластырып, Ш.Орынбай, Ғ.Арынов «Тозаңды терезе» драмасын (қоюшы режиссеры Ғ.Арынов) сахналады.

Қойылымның қысқаша желісі Ауған соғысынан мүгедек болып оралған азаматтың арбаға танылған қиын тағдыры. Шарықтау шегінде әз – әзілдің арбауымен шаңырағы шайқалып, ақыр аяғында адал достық пен сүйіспеншілік жеңіп шығады. Басты рөлді ҚР Мәдениет қайраткері О.Нұрғали асқан шеберлікпен сомдап шықты. Театр артистері О.Қойбағаров, Б.Ордабаева, Р.Байкөбен, Ұ.Сейдахметовалар да өз кеіпкерлерінің шынайы бет – бейнесін ашып, көрермен көзайымына айналды.
Қойылымды қалың жұртшылықпен бірге арнайы шақырылған ауған соғысының ардагерлері мен Қосымша білім беру орталығының «Батыр» балалар әскери – патриоттық клубының жасқтары тамашалады.
Қойылым соңында ауған соғысы ардагері Болат Бержанұлы еске алуға қорқынышты сұрапыл күндерден естеліктер айта келе, театр ұжымына алғысын білдірді.

«Арқалық қазақ жасөспірімдер театры» КМҚК

Телефон: 8 (714 30) 7 00 08
Email: teatr_49@mail.ru
г. Аркалык
Ш. Жәнібек көшесі,86