«Ер Төстік» ертегісі театр сахнасында

Халық ауыз әдебиетінің көне үлгісін театр сахнасының төріне шығару ҚР Мәдениет саласының үздігі төсбелгісінің иегері, қазіргі таңда театрдың бас режиссерінің м.а. Әлия Садықованың а.ж. негізгі мақсаттарының бірі еді.Осы мақсат үдесінен шығу үшін еңбек еткен шығармашылық ұжым талғампаз көрермендердің көңілінен шығып, балалардың ыстық ықыластарына бөленді.

Жауыз күшке ізгілік қарсы тұрып, жақсылық салтанат құрады және Ер Төстіктің шынайы махаббаты жауыздықты тоқтатады.

Ертегі барысында батырдың жолында сан алуан сиқырлы да тылсым күшке ие кейіпкерлер кездеседі. Ер Төстік (артист А.Алматов), Кенжекей (Д.Парызова), Бекторы (Ә.Әбілова), Ерназар (О.Қойбағаров), Кемпір (Г.Қойшығұлова) және тағы басқа ертегі кейіпкерлері түрлі ғажайып әсер қалдырды.

«Арқалық қазақ жасөспірімдер театры» КМҚК

Телефон: 8 (714 30) 7 00 08
Email: teatr_49@mail.ru
г. Аркалык
Ш. Жәнібек көшесі,86