Жаңа жыл- әлемдегі қуанышқа толы айтулы да, ғажайып мерекелердің бірі. Ол бала күннен біздердің танымымызда сиқырлы, әрі қайталанбас ғажайып мерекеге айналған.
Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының ұжымы ғажайып мерекені қайрымдылық көрсетіліммен бастады. а.ж. желтоқсан айының 24, 25 күндері «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қарасты психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге күндізгі болу бөлімшесінің және «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім беруіне қажеттілігі бар балаларға арналған Арқалық арнайы мектебі» КММ тәрбиеленушілерін арнайы шақырып, көңілді кеш сыйлады.