«Ғасырдан да ұзақ күн» романының желісі бойынша «Мәңгүрт» қойылымын сахналанды

Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында қараша айының 28-29 күндері Ш.Айтматовтың 90 жылдығына орай адамзат үшін ең ауыр қасірет мәңгүрттікті бейнелейтін Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романының желісі бойынша «Мәңгүрт» қойылымын сахналанды.

Бұрынғы майдангер, бүгінгі қарапайым теміржолшы Едіге өзінің досы қырық жылдан астам уақыт осы теміржолда еңбек еткен  Қазанғаптың тірі кезіндегі аманаты бойынша сүйегін «Ана бейітке» жерлеу керек. Ата – баба сүйегі жатқан киелі жер бүгінде ғарыш айлағына тиесілі, онда өтуге рұқсат жоқ екен. Аманатты орындау жолында кедергілерге жолыққан Едіге дінсіз, ділсіз, қатыгез ұрпақты көріп, оларды мәңгүртке теңейді.

Автордың айтар ойын дөп басқан қоюшы режиссердің шешімі, артистердің жан тебіренісі, психологиялық иірімі терең қойылым көрерменнің  Жоламанды мәңгүрт қылған Жуан – жуандар десек, ал бүгінгі қоғамдағы мәңгүрттікке кім? немесе не? себеп деген сұрағына жауап берді деп ойлаймыз. Айтары мол, ақтарар сыры жеткілікті қойлымның сахналаған режиссер ҚР Мәдениет саласының үздігі Әлия Садықова, суретшісі М.Есімсейіт.

«Арқалық қазақ жасөспірімдер театры» КМҚК

Телефон: 8 (714 30) 7 00 08
Email: teatr_49@mail.ru
г. Аркалык
Ш. Жәнібек көшесі,86