8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, Жастар жылы қарсаңында театрымыздың жас артисті Әбілова Әсел Арқалық қаласы әкімінінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Әсел Жалғасбайқызы жас болса да театр сахнасында үлкенді – кішілі рольдермен бірге басты рольдерді деп сомдап, халықтың қошеметіне бөленіп жүрген артистердің бірі. Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжін «музыка» мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі таңда білімін жетілдіру мақсатында Қырғыз республикасындағы Б.Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университетінде сырттай бөлімде оқып жатыр. Әсел сонымен бірге бала тәрбиелеп отырған ана. Әсел Жалғасбайқызын марапат құттықтай отырып, шығармашылық табыс, отбасылық бақыт тілейміз.