2019 жылдың тамыз айының 23 жұлдызында Қостанй облысына қарасты Қарасу ауданының 80 жылдығы мерекеленді. Шара барысында ауданның тарихынан сыр шертер қойылымдар көрсетілді. Мерекелік іс – шарада өнер көрсету үшін театр артисі Нұрлыбек Мұсафарханов шақырылып, театрланған қойылымда «Шаман» ролін сомдап, көрерменнің ықыласына бөленді. Әсіресе, Ресей елінен келген мейман Нұрлыбек Нөбиұлының рольді сомдауына ерекше тәнті болып, алғысын білдірді.