Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының ұжымы кезекті еңбек демалысынан кейін сахнаға қайта оралды. Өнер ордасы 19 маусымның шымылдығын С.Раевтың «Уау, қыздар!» комедиясымен түрді. Қоюшы режиссер Фархадбек Қанафин.
Кез келген адам осы өмірден өз орнын табуға талпыныс жасайды, оның ішінде қыздар да жар сүйіп отбасын құрып, ұрпақ өсіргісі келетіні айдан анық. Алайда, өмір – бар керегіңді тауып алатын жәрмеңке емес. Қойылымдағы жатақхананы мекендеп, жадау өмір, жадағай тіршілік кешіп жүрген төрт қыздың жар құшып, бала сүйсем деген армандары алдамай, мұң – зілден арылған жүрек шамы жағыла ма?
Қыз тағдырын арқау еткен қойылым күрделі – әлеуметтік мәселелерді алға тартады.
Өнер ұжымын маусымның ашылуымен қала әкімінің орынбасары Т.Әубәкіров, «Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары С.Тасмағамбетов, сондай – ақ басқа да мекеме басшылары құттықтап келді.