Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында ағымдағы жылдың қараша айының 27, 28 күндері Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» драмасының премьерасы болды. Қоюшы режиссер Е.Абжалов. Ақ кеме – зерделі баланың қиялынан туған аяулы арман.
Адамдар арасындағы мейірімсіздікті, қатыгездікті, сатқындықты санасына сыйдыра алмаған сәби жүрек сан рет қуанып, сан рет мұңаяды. Бейкүнә жанның ақша бұлттардың ар жағына апарып жасырып жүрген арманын, толғанысын, адамның жан – дүниесін ашып көрсетіп, психологиялық толғаныстан – философиялық түйін жасауға тырысатын қойылымды қала қонақтары мен халқы тамашалап, жылы қабылдады.