Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының труппасы 2019 жыл – Жастар жылы аясында Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектепке арнайы барып, Қ.Жүнісовтың «Ғашықтар» комедиясын сахналап, мектеп ұжымының, оқушылардың ыстық ықыласына бөленіп қайтты.
Аталмыш мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Жакупова Әсем Мәлікқызының қолдауымен ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты – жастар жылын мерекелеу, театрымыздың жас артистердің және осы жастарға үлгі болып жүрген артистердің өнерімен таныстыру.