Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ғажайып мерекелердің бірі. Осынау сиқырлы да, таңғажайып мерекені Арқалық қазақ жасөспірімдер театры жыл сайын атап өтеді.
Биыл да жаңа жылдық көңіл – күй сыйлау, Аяз атадан сыйлық күткен балалардың қуанышымен бөлісу мақсатында а.ж. желтоқсан айының 23- 29 аралығында «Джокермен өткен жаңа жыл» атты ертеңгілікті ұсынуда. Сондай – ақ, мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі- қайырымдылық деп білетін театр ұжымы жылдағы дәстүр бойынша жаңа жылдық ертеңгіліктің алғашқы қойылымына «Арқалық қаласы әкмідігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде күндізгі болу жартылай стационар бөлімшелері, үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде әлеуметтік қызмет алушы 99 мүмкіндігі шектеулі жандарды арнайы шақырып, мерекелік көңіл күй сыйлады.